«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 19-бабының 2-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қалалық және қала маңы көлік қатынастарында жолаушылар мен жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тариф жолаушының бір сапары үшін 110 (бір жүз он) теңге мөлшерінде белгіленсін.
- 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
- 3. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім Ж. Қасымбек