Жер учаскелерiн шектеулі пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу туралы, №510-2461, 30.07.2024г.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі  69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «ЭЛИТ СТРОЙ АСТАНА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – құрылыс салушы) мүддесінде қоса беріліп отырған сызбаға және қосымшаға сәйкес «Тас жол» объектісін төсеу және пайдалану үшін Астана қаласы, «Есіл» ауданы, К-1 айналма жолы және Р-1(жобалық атауы) көшесінің ауданы мекенжайында орналасқан 0,5732 га жер учаскелеріне 16 (оң алты) жыл мерзімге шектеулі пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.
  2. Құрылыс салушы осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, меншік иелері мен жер пайдаланушыларға көрсетілген жер учаскелеріне шектеулі пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу және көрсетілген жер учаскелерінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау мерзімдері туралы жазбаша хабарлама жолдасын.
  3. Құрылыс салушы жер учаскесін пайдаланғаны үшін (қауымдық сервитут) он жұмыс күні ішінде «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен 0,0059 га мемлекет меншігіндегі жерлерге жер учаскелеріне қауымдық сервитут шартын жасасын.
  4. «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.

        

 

Астана қаласының әкімі                                                         Ж. Қасымбек

 

 

Астана қаласы

әкімінің бірінші орынбасары                                                   Н. Нұркенов

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                                      Е. Байкен

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                                       Е. Глотов

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                                     Е. Өтебаев

 

«Астана қаласы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                                    Д. Ешкеев

 

«Астана қаласының Экономика

 және бюджеттік жоспарлау

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                              Қ. Маңқараев

 

«Астана қаласының Қаржы

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                                    А. Жумаев

 

«Астана қаласы әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесі

басшысының орынбасары                                                  Ж. Шәукентаев

 

«Астана қаласы

әкімінің аппараты» мемлекеттік

мекемесі мемлекеттік-

құқықтық бөлімінің басшысы                                                       Т. Мусин

 

«Астана қаласының

Сәулет, қала құрылысы

және жер қатынастары

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                                   А. Ахметов

пдф
Дата публикации
30 июля 2024