«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 19-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға – 110 (бір жүз он) теңге;
2) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды жедел қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға – 250 (екі жүз елу) теңге;
3) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауға – 110 (бір жүз он) теңге;
4) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды қала маңында автомобильмен тасымалдау – бір километр үшін 9 (тоғыз) теңге 50 (елу) тиын;
5) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде – 220 (екі жүз жиырма) теңге;
6) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды жедел қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде – 350 (үш жүз елу) теңге;
7) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдау кезінде – 220 (екі жүз жиырма) теңге;
8) жолаушыларды қала маңындағы автомобильді тасымалдауда қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – бір километр үшін 14 (он төрт) теңге;
9) жеңілдігі бар картамен төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауға – 0 (нөл) теңге.
1) «Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтерінің кейбір мәселелері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 503-1230 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1181 болып тіркелген);
2) «Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтерінің кейбір мәселелері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 503-1230 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 10 қыркүйектегі № 503-1573 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1188 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
|
Астана қаласының әкімі |
|
Ж. Қасымбек |