Астана қаласы мәслихаты тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдауларының хаттамасы, 18.06.2024ж.

Астана қаласы                                                                2024 жылғы 12 маусым

 

Төрағалық етті: Е. Е. Каналимов  – Астана қаласы мәслихатының төрағасы.

 

Қатысқандар:

         Астана қаласы мәслихатының депутаттары, қала тұрғындары, қалалық департаменттер, басқарма басшылары, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

 

Күн тәртібі:

 

  1. Астана қаласында құрылған жаңа ауданға атау беру туралы.

  Баяндаушы: Сәкен Зиябекұлы Есіркеп – «Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ басшысы.

 

Төрағалық етуші:

«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің  2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығына сәйкес Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдаулары өткізіледі.

Көпшілік тыңдауларды өткізу туралы ақпарат күні бұрын «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» республикалық басылымдарында және Астана қаласы мәслихатының интернет-ресурсында жариялау арқылы қала жұртшылығына жеткізілді.

 

Тыңдалғандар:

 «Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі  басқармасы» ММ басшысы  Сәкен Зиябекұлы Есіркеп депутаттарды Астана қаласында құрылған жаңа ауданға атау беру туралы материалымен таныстырды.

 

Сөз сөйледі:

Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдауларында:

Қазақстан Республикасы Ғылым және  жоғары білім министрлігі Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор – Аяған Бүркітбай Гельманұлы;

Қоғам және мемлекет қайраткері, Астана қаласы ономастика комиссиясының мүшесі – Дархан  Қамзабекұлы Мыңбай;

Астана қаласы мәслихатының депутаты, қалалық ономастика комиссиясының мүшесі – Ерлан Ерғазыұлы Дәкенов;

Астана қаласы мәслихатының депутаты – Бекзат Досханұлы Жолжақсынов;

Астана қаласы мәслихатының депутаты – Ғабит Қалиұлы Тәжімұратов;

Астана қаласы мәслихатының депутаты – Нұрлан Сүлейменұлы Өтешев қатысып сөз сөйледі.

Көпшілік тыңдаудың қорытындысы бойынша Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Астана қаласында құрылған жаңа ауданға «Сарайшық» атауын беру туралы ұсыныс қолдансын.
  2. «Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ осы хаттаманы Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

 

 

Астана қаласы

мәслихатының төрағасы                                                                Е. Каналимов

Дата публикации
18 июня 2024