Мемлекеттік қызмет Регламентін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 111-1817 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Астана қаласында «Заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет Регламентін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 4 қарашадағы
    № 111-1817 қаулысының (Астана қаласының Әділет департаментінде
    2014 жылғы 15 желтоқсанда № 863 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  2. «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіптен:

1) осы қаулының Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Астана қаласының әкімі                                                      Ж. Қасымбек

 

 

Астана қаласы әкімінің

бірінші орынбасары                                                                Н. Нұркенов

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                                    Е. Байкен

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                                    Е. Глотов

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                                  Е. Өтебаев

 

«Астана қаласы

әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің

басшысы                                                                                       Д. Ешкеев

 

«Астана қаласы

әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі

басшысының орынбасары                                                Ж. Шаукентаев

 

 

«Астана қаласы

әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі

мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы                                                                        Т. Мусин

 

«Астана қаласының

Инвестициялар және

кәсіпкерлікті дамыту

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                           Х. Әкімжанов

Дата публикации
05 июня 2024