Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2024–2028 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы , 04.06.24ж.

  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына және 62-бабының 5-тармағына сәйкес  Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2024–2028 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберуді;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Әкім                                                                                          Ж. Қасымбек

 

 

 

 

пдф
Дата публикации
04 июня 2024