Бюджеттік жоспарлау алдағы қаржы жылында барлық бюджеттік бағдарламалардың шығындарын ескере отырып ағымдағы жылда бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен жүзеге асырады. «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - аппарат) 2024 жылға арналған бюджеттік жоспарлануы 2023 жылы жүзеге асырылды және Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 113/15-VІII «Астана қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешімімен бекітілді.
Аппарат үш бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылады:
2023 жылға арналған аппараттың бюджеті 2 317 620,0 мың теңге сомасында келесі бағдарламалар бойынша бекітілді:
«Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» 001 бағдарламасы бойынша 2024 жылға 2 171 440,0 мың теңге қарастырылған. Берілген бағдарламада Астана қаласы әкімінің аппаратын ұстауға және оны қамтамасыз етуіне байланысты шығындар, яғни жалақы, кеңсе тауарлары мен компьютерлік техникаға керек-жарақтарды сатып алу, байланыс және Интернет қызметтері үшін ақы төлеу, ғимаратты жалға алу, компьютерлік техникаға техникалық қызмет көрсету, антивирустық бағдарламаларды жаңарту және баспа қызметтері сияқты түрлерге бөлінеді.
2024 жылға осы бағдарламаның тікелей нәтиже көрсеткіштері:
|
№ р/к |
Тура нәтиже көрсеткіштері |
Өлшем бірлігі |
2023 жылғы жоспары |
|
1 |
Штат санының шегінде жүктелген міндеттерді орындау мақсатында Астана қаласының аппаратын ұстау |
Штат бірлігі |
93 |
|
2 |
Әкімшілік қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша оқыту |
бірлік |
300 |
|
3 |
Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған әкімшілік қызметкерлерін оқыту |
бірлік |
82 |
|
4 |
Басшылық қызметке алғаш тағайындалған әкімшілік қызметкерлерін оқыту |
бірлік |
82 |
|
5 |
Өткізілген іс-шаралар саны |
бірлік |
11 |
|
6 |
Ақпараттық бағдарламаларды жаңарту бойынша қызметтер саны |
бірлік |
2 |
Бағдарламаның соңғы нәтижесі: әкім аппаратына жүктелген міндеттерді орындау, қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру.
«Мемлекеттік органның күрделі шығындары» 003 бағдарламасы бойынша 2024 жылға 15 893,0 мың теңге қарастырылған. Осы бағдарлама бойынша құрылғы персоналын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге байланысты шығындар ескеріледі: компьютерлік және оргтехника, бағдарламалық қамтамасыз ету және басқа да негізгі құралдарды сатып алу шығындары.
2022 жылға осы бағдарламаның тікелей нәтиже көрсеткіштері:
|
№ р/к |
Тура нәтиже көрсеткіштері |
Өлшем бірлігі |
2022 жылғы жоспары |
|
1 |
Сатып алынған компьютерлік жабдықтар саны |
дана |
174 |
|
2 |
Сатып алынған өзге жабдықтар саны |
дана |
79 |
|
3 |
Сатып алынған бағдарламалық құралдар саны |
дана |
189 |
Бағдарламаны іске асырудың түпкі нәтижесі – әкім аппаратының қажетті бағдарламалық және компьютерлік техникамен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру.
«Сайлау процессінің қатысушыларды оқыту» 019 бағдарламасы бойынша 2024 жылға 3 298,0 мың теңге қарастырылған.
Бұл бағдарламада әскери-шақыру пунктісін қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету, дәрі-дәрмек, құрал, өртке қарсы қорғаныс және экономикалық мүлікті, сондай-ақ байланыс және қорғау құралдарын жабдықтауға бағытталған шығындар есепке алынады.
2024 жылға бағдарламаның тура нәтиже көрсеткіштері:
|
№ р/к |
Тура нәтиже көрсеткіштері
|
Өлшем бірлігі |
2022 жылғы жоспары |
|
1 |
Сайлау комиссияларының оқытылған мүшелерінің саны |
бірлік |
120 |
Бағдарламаның соңғы нәтижесі: Сайлау процесіне қатысатын комиссия мүшелерінің қызметтік біліктілігін арттыру.
_____________________________