«Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылға арналған жоспарлау деңгейіндегі азаматтық бюджеті

Бюджеттік жоспарлау алдағы қаржы жылында барлық бюджеттік бағдарламалардың шығындарын ескере отырып ағымдағы жылда бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен жүзеге асырады. «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - аппарат) 2024 жылға арналған бюджеттік жоспарлануы 2023 жылы жүзеге асырылды және «Астана қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 113/15-VIІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 6 мамырдағы № 175/21-VIII шешімімен бекітілді.

Аппарат үш бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылады:

  1. «Республикалық маңызы бар  қаланың, астананың  қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» 001 бағдарламасы;
  2. «Мемлекеттік органның күрделі шығындары» 003 бағдарламасы;
  3. «Сайлау процесінің қатысушыларды оқыту» 019 бағдарламасы.

 

2024 жылға арналған аппараттың бюджеті 2 747 633,0 мың теңге сомасында келесі бағдарламалар бойынша бекітілді:

 

«Республикалық маңызы бар  қаланың, астананың  қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» 001 бағдарламасы бойынша 2024 жылға 2 603 524,0 мың теңге қарастырылған. Берілген бағдарламада  Астана қаласы әкімінің аппаратын ұстауға және оны қамтамасыз етуіне байланысты шығындар, яғни жалақы, кеңсе тауарлары мен компьютерлік техникаға керек-жарақтарды сатып алу, байланыс және Интернет қызметтері үшін ақы төлеу, ғимаратты жалға алу, компьютерлік техникаға техникалық қызмет көрсету, антивирустық бағдарламаларды жаңарту және баспа қызметтері сияқты түрлерге бөлінеді.

2024 жылға осы бағдарламаның тікелей нәтиже көрсеткіштері:

 

№ р/к

Тура нәтиже  көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

2024 жылғы жоспары

1

Штат санының шегінде жүктелген міндеттерді орындау мақсатында Астана қаласының аппаратын ұстау

Штат бірлігі

99

2

Әкімшілік қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша оқыту

бірлік

300

3

Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған әкімшілік қызметкерлерін оқыту

бірлік

169

4

Басшылық қызметке алғаш тағайындалған әкімшілік қызметкерлерін оқыту

бірлік

82

5

Өткізілген іс-шаралар саны

Іс-шара

23

6

Ақпараттық бағдарламаларды жаңарту бойынша қызметтер саны

бірлік

4

 

Бағдарламаның соңғы нәтижесі: әкім аппаратына жүктелген  міндеттерді орындау, қызметкерлердің  кәсіби деңгейін арттыру.

 

«Мемлекеттік органның күрделі шығындары» 003 бағдарламасы бойынша 2024 жылға 142 682,0 мың теңге қарастырылған. Осы бағдарлама бойынша құрылғы персоналын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге байланысты шығындар ескеріледі: компьютерлік және оргтехника, бағдарламалық қамтамасыз ету және басқа да негізгі құралдарды сатып алу шығындары.

2024 жылға осы бағдарламаның тікелей нәтиже көрсеткіштері:

 

№ р/к

Тура нәтиже  көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

2024 жылғы жоспары

1

Сатып алынған өзге жабдықтар саны

дана

79

2

Сатып алынған компьютерлік жабдықтар саны

дана

174

3

Сатып алынған бағдарламалық құралдың саны

дана

189

 

Бағдарламаны іске асырудың түпкі нәтижесі – әкім аппаратының қажетті бағдарламалық және компьютерлік техникамен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру.

 

«Сайлау процесінің қатысушыларды оқыту»  019 бағдарламасы бойынша 2024 жылға 1 427,0 мың теңге қарастырылған. Бұл бағдарлама сайлау процесіне қатысушылардың сайлау және құқықтық мәдениетін жетілдіру, сондай-ақ сайлау алдындағы дайындық саласындағы жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыру ескереді.

2024 жылға бағдарламаның тура нәтиже  көрсеткіштері:

 

№ р/к

Тура нәтиже көрсеткіштері

 

Өлшем бірлігі

2024 жылғы жоспары

1.

Сайлау комиссияларының оқытылған мүшелерінің саны

дана

120

 

Бағдарламаның соңғы нәтижесі: Жас сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, олардың сайлау науқандарына белсенді және хабардар болуын қамтамасыз ету, сайлау жүйесі мен сайлау институтына деген сенім деңгейін арттыру.

 

Дата публикации
22 мая 2024