Саябақ Ақ-бұлақ өзенінің жағасында, А.Пушкин көшесінің бойында (А. Пушкин көшесі-Абылайхан даңғылы қиылысында)орналасқан.2006 жылы салынған, 2023 жылы толығымен жаңартылған, жалпы ауданы 51000 м2. Жағалау сызығының ұзындығы 750 метр. Ағаштар саны 4000 данадан асады.
2024 жылғы 28 мамырда саябағына Нидерланды Корольдігінің астанасы - Амстердам алаңы атауы берілді, 2015 жылы Еуропаның ірі теңіз порты қаласы болып табылатын Роттердам қаласының саябағының біріне Astanaplein (Астана алаңы) атауы берілді.
Амстердам алаңының ашылу салтанаты 2024 жылғы 28 мамырда Нидерланды үкіметі басшысының Астанаға сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев пен Нидерланды Корольдігінің Премьер-Министрі Марк Рюттенің қатысуымен өтті.