Конкурс ұйымдастырушы: «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылғы 06 мамыр 8:30-дан 20 мамыр 18:00-ге дейін.
«Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі тізбеге сәйкес 2024-2028 оқу жылдарына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсын өткізу туралы хабарлайды.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан – әрі – ЖЖОКБҰ) мынадай құжаттарды:
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттарға ЖЖОКБҰ-ның бірінші басшысының қолы қойылады, олар мөрмен расталады және электрондық форматта және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы онлайн конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.
Конкурстық өтінім Астана қаласының Білім басқармасына конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағат пен күннен кешіктірілмей жіберіледі. Конкурстық өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен конкурстық өтінім кешігу себептеріне қарамастан қаралмайды. Конкурстық өтінімдерге оларды беру мерзімі өткеннен кейін қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Конкурсқа қатысу құжаттары электрондық форматта bilim@astana.kz электрондық поштаға 2024 жылғы 06 мамырдан 8:30 –дан бастап 20 мамыр 18:00 - ге дейін ұсынылады, тел.: +7 701 368 42 24, +7 717 556875.