Астана қаласында жаңа аудан құру, аудандардың шекараларын белгілеу және өзгерту туралы

«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:

  1. Астана қаласында жаңа аудан құрылсын.
  2. Жалпы ауданы 6 953 гектар болатын Астана қаласы жаңа ауданының шекарасы белгіленсін.
  3. Астана қаласы жаңа ауданының шекарасына 6 953 гектарды беру арқылы жалпы ауданы 8 518 гектар шекара белгіленіп, Астана қаласы «Алматы» ауданының шекарасы өзгертілсін.
  4. Осы бірлескен Астана қаласы әкімдігінің қаулысы мен мәслихатының шешімі ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Астана қаласының әкімі                                                      Ж. Қасымбек

 

 

Астана қаласы мәслихатының төрағасы                               Е. Каналимов

 

 

Дата публикации
25 апреля 2024