«Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ Астана қаласының Астана қаласының «Алматы» ауданы – 1 лот, «Байқоныр» ауданы – 2 лот, «Есіл» ауданы – 3 лот, «Нұра» ауданы – 4 лот, «Сарыарқа» ауданы – 5 лот бойынша тұрғындардан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау бойынша конкурсты жариялайды.
|
Ұйымдастырушы: |
«Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ |
|
Орналасқан жері: |
Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13 |
|
Байланыс телефоны: |
8 (7172) 55-75-12, uoosip@astana.kz |
|
Конкурстық комиссияның хатшысы: |
Райхан Олжабайқызы Сағынтаева – «Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ әкімшілік бөлімнің басшысы |
|
Өтінімдерді қабылдау мекенжайы: |
Қазақстан Республикасы 010000, Астана қ., Сарыарқа даңғылы, 13, 4 қабат, 415 кабинет |
|
Өтінімдерді беру мерзімі: |
2024 жылғы «15» сәуірден 2024 жылғы «06» мамырға дейін Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 8: 30-дан 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін |
|
Өтінімдерді берудің басталу күні: |
2024 жылғы «15» сәуір |
|
Өтінімдерді берудің аяқталу күні: |
2024 жылғы «06» мамыр, сағат 09.00 |
|
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайтынын атап өтеміз |
|
Өтінімдер қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінен (дара кәсіпкерлерден немесе заңды тұлғалардан) қабылданады.
Әлеуетті қатысушы конкурсқа қатысуға өтінімді конвертте мөрлейді, оның бет жағында әлеуетті қатысушының толық атауы және пошталық мекенжайы (егер ол «кеш» деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашылмаған түрде қайтару мақсатында), конкурсты ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, конкурстың атауы, «_______» ауданы, №___ лот, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін: «Астана қаласының «______» ауданының аумағынанан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау бойынша конкурс» және «2024 жылғы 6 мамыр сағат 11.00-ге дейін ашпаңыз», көрсетілуі тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері конкурсты ұйымдастырушыға «06» мамыр айының сағат 09.00-ге дейін қосқанда, қолма-қол немесе мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы 010000, Астана қ., Сарыарқа даңғылы, 13, 4 қабат, 415 кабинет, конкурстық комиссияның хатшысы Райхан Олжабайқызы Сағынтаева, тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып ұсынады.
Конкурстық құжаттаманы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтынан жүктеуге болады https://www.gov.kz/memleket/entities/astana?lang=kk («Құжаттар» бөлімі) немесе Қазақстан Республикасы 010000, Астана қ., Сарыарқа даңғылы, 13, 4-қабат, 415-кабинет мекенжайы бойынша қолма-қол алуға болады (өзімен бірге флэш-жинақтағыш болуы керек).