Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 19 бабының 2, 2-1 тармақтарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға – 110 (жүз он) теңге;
2) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды жедел қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға – 250 (екі жүз елу) теңге;
3) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауға – 110 (жүз он) теңге;
4) электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде қала маңындағы қатынаста – бір километр үшін 9 (тоғыз) теңге 50 (елу) тиын;
5) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде – 220 (екі жүз жиырма) теңге;
6) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды жедел қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде – 350 (үш жүз елу) теңге;
7) қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдау кезінде – 220 (екі жүз жиырма) теңге;
8) қала маңындағы қатынаста қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – бір километр үшін 14 (он төрт) теңге.
1) «Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтерінің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 28 маусымдағы № 503-1230 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1181 болып тіркелген);
2) «Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтерінің кейбір мәселелері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 503-1230 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 10 қыркүйектегі № 503-1573 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1188 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Әкім Ж. Қасымбек