Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының аумағында коммуналдық ақылы автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану қағидаларында:
3-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) диспетчер – құзыретіне «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Астана қаласының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесінің Әкімшілік полиция басқармасында (бұдан әрі – ПД ӘПБ) әкімшілік бұзушылықтардың анықталған фактілеріне қатысты жедел ақпарат беру кіретін уәкілетті орган айқындаған тұлға;»;
3-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) пайдаланушы ұйым – автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалануды жүзеге асыратын ұйым;»;
3-тармақтың 12) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«12) халықтың арнайы топтары – көлік құралын коммуналдық ақылы автотұрақтарда (паркингтерде) тегін орналастыруға құқығы бар уәкілетті орган айқындаған адамдар санаты («Алтын қыран» және «Халық қаһарманы» ордендерімен наградталған адамдар, мүгедектігі бар балалар және I және II топтағы мүгедек адамдар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар, басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік қимылдарының ардагерлері, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана», «Ана даңқы» I, II және III дәрежелі ордендерін алған көп балалы аналар, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдар, әскери қызметтен босатылған немесе әскери жиындарға шақырылған, Ауғанстан Демократиялық Республикасында (бұдан әрі – Ауғанстан) және жауынгерлік қимылдары жүргізілген басқа да елдерде интернационалдық борышын орындаған азаматтар).»;
6-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Коммуналдық ақылы автотұрақтардың (паркингтердің) жұмыс режимі 8 сағат 00 минуттан 20 сағат 00 минутқа дейін белгіленген.»;
11-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) мүгедектігі бар балаларға және I және II топтағы мүгедек адамдарға тіркелген көлік құралдары, сондай-ақ мүгедектігі бар баланың заңды өкілдеріне тіркелген көлік құралдары;»;
11-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«4) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде әрекет етуші армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілерге, сондай-ақ басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік қимылдардың ардагерлеріне және жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға тіркелген көлік құралдары;»;
11-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«5) «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I, II және III дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тіркелген көлік құралдары;»;
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«12. Жеке көлік құралын коммуналдық ақылы автотұрақтарда (паркингтерде) тегін орналастыру үшін халықтың арнайы топтарына жататын адамдарға пайдаланушы ұйымның интернет-ресурсы арқылы растайтын құжаттарды жіберу арқылы пайдаланушы ұйымға хабарлау қажет.»;
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«13. Автотұрақты (паркингті) пайдаланушы ұйым көлік құралдарының жүргізушілеріне ағымдағы күннің 23 сағат 59 минутына дейін парковканы жүзеге асыру фактісі бойынша пайдаланушы ұйым айқындаған және оның ақпараттық ресурстарында көрсетілген тәсілдермен ақы төлеуге мүмкіндік беруге құқылы.»;
14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«14. Коммуналдық ақылы автотұрақта (паркингте) ақы төлеу тиісті тұрақ аймағында белгіленген электрондық терминал арқылы не пайдаланушы ұйым айқындаған және ақпараттық тақтада (тақтайшада) немесе пайдаланушы ұйымның ақпараттық ресурстарында көрсетілген өзге де тәсілмен жүзеге асырылады.»;
15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«15. Пайдаланушы көлік құралын коммуналдық ақылы автотұрақтан (паркингтен) тұрақ сессиясының ақылы уақыты өткеннен кейін 10 (он) минут ішінде алып тастауы не көлік құралын коммуналдық ақылы автотұраққа (паркингке) орналастырғаны үшін ақы төлеуі қажет.»;
16-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) растайтын рұқсатты ұсынбай не қолданылу мерзімі өтіп кеткен рұқсатпен немесе оның иесі осы көлік құралының иесі болып табылмаған кезде мүгедектігі бар адамдардың көлік құралдарының тоқтап тұруына немесе аялдауына арналған жерлерде көлік құралдарын тоқтатып тұруы немесе аялдауы;»;
17-тармақ алынып тасталсын;
18-тармақ алынып тасталсын.
1) осы қаулының Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек