Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

           1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, бейімделген емдік өнімдер, медициналық бұйымдар қосымша тегін берілсін.

             2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен нен кейін қолданысқа енгізіледі.

                                                   

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

приложение
Дата публикации
14 февраля 2024