«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Астана қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Астана қаласы Ономастика комиссиясының 2023 жылғы 3 тамыздағы, Республикалық ономастикалық комиссиясының 2024 жылғы 24 қаңтардағы қорытындыларының негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Астана қаласының «Алматы» ауданы бойынша:
жобалық атауы А30 көшеге – Оралхан Бөкей көшесі;
жобалық атауы А40 көшеге – Сырбай Мәуленов көшесі;
жобалық атауы А564 көшеге – Әмен Қайдаров көшесі;
жобалық атауы № 101 көшеге – Бұйрат көшесі;
жобалық атауы А139 көшеге – Ақтекше көшесі;
жобалық атауы А184 көшеге – Кендірлі көшесі;
жобалық атауы А185 көшеге – Кеңсаз көшесі;
жобалық атауы А187 көшеге – Қарашығанақ көшесі;
жобалық атауы А206 көшеге – Қимасар көшесі;
жобалық атауы А207 көшеге – Қойтас көшесі;
жобалық атауы А208 көшеге – Тасөткел көшесі;
жобалық атауы А344 көшеге – Маймекен көшесі;
Астана қаласының «Байқоңыр» ауданы бойынша:
Егемен Қазақстан газеті көшесінің бойында орналасқан атаусыз саябаққа «Журналистер саябағы»;
Астана қаласының «Есіл» ауданы бойынша:
жобалық атауы № 29/1 көше мен Түркістан көшесінен басталып, Ұлы Дала даңғылында аяқталатын атаусыз көшеге – Нұрлан Балғымбаев көшесі;
Астана қаласының «Нұра» ауданы бойынша:
жобалық атауы Е29 көшеге – Тәттімбет көшесі;
жобалық атауы Е33 көшеге – Қорқыт ата көшесі деп атау берілсін.
Астана қаласының «Алматы», «Байқоңыр» аудандары бойынша:
Әл-Фараби даңғылы – Ақжол даңғылы;
Астана қаласының «Алматы» ауданы бойынша:
Гейдар Әлиев көшесі – Мұзафар Әлімбаев көшесі;
Астана қаласының «Есіл» ауданы бойынша:
Сәбит Мұқанов көшесі – Шұбартау көшесі деп қайта аталсын.
1) осы қаулыны және шешімді бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберуді;
2) осы қаулы және шешім ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Астана қаласының әкімі
___________Ж.Қасымбек |
Астана қаласы мәслихатының төрағасы
____________ Е. Каналимов |