Астана қаласының кейбір білім беру ұйымдарына жеке адамдардың есімдерін беру туралы №511-315, 02.02.2024ж.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес, Республикалық ономастикалық комиссиясының  2024 жылғы 24 қаңтардағы қорытындысының негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Астана қаласының мынадай білім беру ұйымдарына:
  • Астана қаласы әкімдігінің «№ 20 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шәкен Аймановтың есімі;
  • Астана қаласы әкімдігінің «№ 27 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Қасым Қайсеновтың есімі;
  • Астана қаласы әкімдігінің «№ 38 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Әлімхан Ермековтің есімі;
  • Астана қаласы әкімдігінің «№ 63 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Шерхан Мұртазаның есімі;
  • Астана қаласы әкімдігінің «№ 64 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Сұлтанбек Қожановтың есімі;
  • Астана қаласы әкімдігінің «№ 94 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Тұрсынбек Кәкішұлының есімі;
  • Астана қаласы әкімдігінің «№ 89 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Дулат Бабатайұлының есімі;
  • Астана қаласы әкімдігінің «№ 44 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Рақымжан Қошқарбаевтың есімі;
  • Астана қаласы әкімдігінің «№ 24 орта мектеп» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Жүсіпбек Аймауытұлының есімі;
  • Астана қаласы әкімдігінің «№ 59 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Кәрім Мыңбаевтың есімі;

11) Астана қаласы әкімдігінің «№ 34 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Барлыбек Сырттанұлының есімі берілсін.

  1. «Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысымен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Астана қаласының әкімі                                                       Ж. Қасымбек

 

 

Астана қаласы әкімінің

      бірінші орынбасары                                                                 Н. Нұркенов

 

      Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                                    Е. Байкен

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                                    Е. Глотов

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                                   Е. Өтебаев

 

«Астана қаласы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                          Д. Ешкеев

 

«Астана қаласының

Қаржы басқармасы»

  мемлекеттік мекемесінің басшысы                                        Ә. Жұмаев

 

«Астана қаласының

Экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                   Қ. Маңқараев

 

 

 

«Астана қаласы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі

  басшысының орынбасары                                            Ж. Шаукентаев

 

«Астана қаласы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі

мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы                                                                        Т. Мусин

 

«Астана қаласының Білім басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                      Қ. Сенғазыев

 

«Астана қаласының Тілдерді

дамыту және архив ісі басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                          С. Есіркеп

 

 

 

 

постановление
Дата публикации
08 февраля 2024