Астана қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, газбен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы» 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 бұйрығына сәйкес Астана қаласының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Астана қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, газбен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары осы қаулыға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
  2. «Астана қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

         1) осы қаулыны бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;

         2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Астана қаласының әкімі                                                         Ж. Қасымбек

 

Астана қаласы әкімінің

бірінші орынбасары                                                              Н. Нұркенов

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                                       Е. Байкен

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                                       Е. Глотов

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                                     Е. Өтебаев

 

«Астана қаласы

әкімінің аппараты» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                                    Д. Ешкеев

 

«Астана қаласының

Қаржы басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                                    Ә. Жұмаев

 

«Астана қаласының Экономика

және бюджеттік жоспарлау басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                      Қ. Маңқараев

 

«Астана қаласы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі

басшысының орынбасары                                                  Ж. Шаукентаев

 

«Астана қаласы

әкімінің аппараты» мемлекеттік

мекемесі мемлекеттік-

құқықтық бөлімінің басшысы                                                       Т. Мусин

 

«Астана қаласының

Отын-энергетикалық кешені

және коммуналдық шаруашылық

басқармасы» мемлекеттік мекемесі

басшысының міндетін атқарушы                                          Е. Сыздықов

Постановление
Дата публикации
26 января 2024