«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 418 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 «Қазақстан Республикасын күтіп-ұстаудың және оның инфрақұрылымдық дамуының үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына жасыл желектерді қорғау, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларына және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес,Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ
1. Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын
1) Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 166/21-VI «Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидалары туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1125 болып тіркелген);
2) Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 22қарашадағы № 200/24-VI «Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1146 болып тіркелген).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы Е. Каналимов