Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8 бабы, 2 тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Астана қаласында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер өткізуге келесі орындар белгіленсін:
1) А. Пушкин көшесі мен Ш.Құдайбердіұлы даңғылы қиылысындағы саябақ;
2) «Столичный» циркі жанындағы алаң;
3) Жеңіс, Абая даңғылы, Т. Бегелдинов және Желтоқсан көшелері төртбұрышындағы алаң;
4) «Жерұйық» паркі
- Шеру өткізу үшін бағдар ретінде Абай көшесі бойындағы Жазушылар аллеясынан А. Пушкин көшесі мен Ш.Құдайбердіұлы даңғылы қиылысындағы саябаққа дейінгі аралық бекітілсін.
- Астана қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толтырылу нормалары, сондай-ақ Астана қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
ережесі 1-Қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Астана қаласында пикет өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары ережесі 2-Қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 маусымдағы № 512/68-VI шешімі «Астана қаласында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер өткізу тәртібін қосымша регламенттеу туралы күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1275 болып тіркелген).
- Аталған шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткесін күшіне енеді.
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы Е. Каналимов