«Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылға арналған жоспарлау деңгейіндегі (2 нақтылау) азаматтық бюджеті

«Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - аппарат) 2023 жылға арналған бюджеттіне «Астана қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы»  Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 274/36-VIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 12 сәурдегі № 13/2-VII шешіміне сәйкес келесі өзгерістер енгізілді.

Аппарат жеті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылады:

  1. «Республикалық маңызы бар  қаланың, астананың  қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» 001 бағдарламасы;
  2. «Мемлекеттік органның күрделі шығындары» 003 бағдарламасы;
  3. «Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шегіндегі іс-шаралар» 010 бағдарламасы;
  4. «Аумақтық қорғанысты дайындау мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық қорғанысы» 011 бағдарламасы;
  5. «Жұмылдыру дайындығы  және республикалық маңызы бар  қаланың, астананы жұмылдыру» 012 бағдарламасы;
  6. «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың  ауқымындағы  төтенше  жағдайдың алдын алу мен  жою» 014 бағдарламасы;
  7. «Сайлау процесінің қатысушыларды оқыту» 019 бағдарламасы.

2022 жылға арналған аппараттың бюджеті 3 329 945.0 мың теңге сомасында келесі бағдарламалар бойынша бекітілді:

 

«Республикалық маңызы бар  қаланың, астананың  қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» 001 бағдарламасы бойынша 2023 жылға 1 905 315,0 мың теңге қарастырылған. Берілген бағдарламада                Астана қаласы әкімінің аппаратын ұстауға және оны қамтамасыз етуіне байланысты шығындар, яғни жалақы, кеңсе тауарлары мен компьютерлік техникаға керек-жарақтарды сатып алу, байланыс және Интернет қызметтері үшін ақы төлеу, ғимаратты жалға алу, компьютерлік техникаға техникалық қызмет көрсету, антивирустық бағдарламаларды жаңарту және баспа қызметтері сияқты түрлерге бөлінеді.

2023 жылға осы бағдарламаның тікелей нәтиже көрсеткіштері:

 

№ р/к

Тура нәтиже  көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

2023 жылғы жоспары

1

Штат санының шегінде жүктелген міндеттерді орындау мақсатында Астана қаласының аппаратын ұстау

Штат бірлігі

93

2

Әкімшілік қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша оқыту

бірлік

166

3

Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған әкімшілік қызметкерлерін оқыту

бірлік

60

4

Басшылық қызметке алғаш тағайындалған әкімшілік қызметкерлерін оқыту

бірлік

60

5

Өткізілген іс-шаралар саны

бірлік

5

6

Ақпараттық бағдарламаларды жаңарту бойынша қызметтер саны

бірлік

1

 

Бағдарламаның соңғы нәтижесі: әкім аппаратына жүктелген  міндеттерді орындау, қызметкерлердің  кәсіби деңгейін арттыру.

 

«Мемлекеттік органның күрделі шығындары» 003 бағдарламасы бойынша 2023 жылға 19 480,0 мың теңге қарастырылған. Осы бағдарлама бойынша құрылғы персоналын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге байланысты шығындар ескеріледі: компьютерлік және оргтехника, бағдарламалық қамтамасыз ету және басқа да негізгі құралдарды сатып алу шығындары.

2023 жылға осы бағдарламаның тікелей нәтиже көрсеткіштері:

 

№ р/к

Тура нәтиже  көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

2022 жылғы жоспары

1

Сатып алынған компьютерлік жабдықтар саны

дана

1

2

Сатып алынған өзге жабдықтар  саны

дана

80

 

Бағдарламаны іске асырудың түпкі нәтижесі – әкім аппаратының қажетті бағдарламалық және компьютерлік техникамен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру.

 

«Сайлау процесінің қатысушыларды оқыту» 019 бағдарламасы бойынша 2023 жылға 3 298,0 мың теңге қарастырылған. Бұл бағдарлама сайлау процесіне қатысушыларға сайлауды оқыту бойынша шығындарды ескереді.

2023 жылға бағдарламаның тура нәтиже  көрсеткіштері:

 

№ р/к

Тура нәтиже көрсеткіштері

 

Өлшем бірлігі

2022 жылғы жоспары

1.

Сайлау комиссияларының оқытылған мүшелерінің саны

бірлік

120

 

Бағдарламаның соңғы нәтижесі: Жас сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, олардың сайлау науқандарына белсенді және хабардар болуын қамтамасыз ету, сайлау жүйесі мен сайлау институтына деген сенім деңгейін арттыру.

 

«Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шегіндегі іс-шаралар» 010 бағдарламасы 010, «Аумақтық қорғанысты дайындау мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық қорғанысы» 011, «Жұмылдыру дайындығы және республикалық маңызы бар  қаланың, астананы жұмылдыру» 012, «Республикалық маңызы бар  қаланың, астананың  ауқымындағы  төтенше  жағдайдың алдын алу мен  жою» 014 құпия болып табылады және жариялануға жатпайды.

 

_____________________________

азаматтық бюджет
Дата публикации
14 ноября 2023