«Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы» Астана қаласы әкімінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 01-21 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

ШЕШТІ:

  1. «Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы» Астана қаласы әкімінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 01-21 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1193 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекараларын құру туралы»;

көрсетілген шешімге 1, 3-қосымшалар осы шешімге 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген шешімнің 1-тармағы осы шешімге 3-қосымшаға сәйкес                    6-қосымшамен толықтырылсын.

  1. «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімнің Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Д.З. Ешкеевке жүктелсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Әкім                                                                                             Ж. Қасымбек

шешім, қосымша
Дата публикации
01 ноября 2023