Қазақстан Республикасы Су кодексінің 116-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген), Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес, Астана қаласының әкімшілік шекараларында су объектілеріндегі су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ең аз ені;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес, Астана қаласының әкімшілік шекараларында су қорғау аймақтары мен су объектілерінің белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше шарттары белгіленсін.
1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек