Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларындың күші жойылды деп тану туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 37-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ

1. Астана қаласы әкімдігінің мынадай:
1) «Білім саласындағы коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы» 2017 жылғы 9 маусымдағы № 107-1207 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1112 болып тіркелген);  

2) «Білім саласындағы коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы                    9 маусымдағы № 107-1207 қаулысына толықтырулар енгізу туралы»             2018 жылғы 20 ақпандағы № 107-312 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1163 болып тіркелген) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

​1) осы қаулының Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

​3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

​4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Әкім​​​​                                                          Ж. Қасымбек

 

Проект постановления
Дата публикации
25 сентября 2023