Астана қаласында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы
6-бабының 210-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына«Шетелдіктер үшін туристік жарнанытөлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына
сәйкесАстана қаласының мәслихаты ШЕШТІ

1. 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімді қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері0,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде бекітілсін.  

2. Астана қаласы мәслихатының:

1) «Нұр-Сұлтан қаласында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы2022 жылғы4 ақпандағы № 134/19-VII

2) «Астана қаласындағы шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаныңмөлшерлемелерін бекіту туралы2022 жылғы                            14 желтоқсандағы№ 280/36-VII шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік      он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Астана қаласы

мәслихатының хатшысы

НҚА жоба шешімі
Дата публикации
20 сентября 2023