Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына, «Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № ҚР ДСМ-63 бұйрығына сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия отырысының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 6 хаттамасының негізінде:
2) 2023–2025 оқу жылына күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орнына білімі бар мамандарды даярлауға (интернатура) медициналық мамандықтары бойынша Астана қаласы ЖАО мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімі осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек