«Астана қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың және модернизациялаудың 2028 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы авариялық жағдайдағы үйлерді бұзу, қаланың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту, тұрғын үй қорын модернизациялау, қаланың қалыптасқан бөлігінде тұратын азаматтардың тұрғын үй, әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық жағдайларын жақсарту мәселелерін шешу арқылы елорданың тартымды келбетін және халықтың өмір сүруінің жайлы жағдайларын жасау мақсатында әзірленді.
Тұрғын үйді реновациялау жобаларын қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты және өзге көздер есебінен жүзеге асырылады: жеке инвестицияларды тарту, оның ішінде МБҚ тетігі, қаржы институттарының қаражаты, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражатын тарту арқылы, оның ішінде мемлекеттік бағалы қағаздар, жобаны іске асыру барысында тұрғын үй және тұрғын емес үй-жайларды сатудан түскен кірістер есебінен.