Жер учаскелерiн шектеулі пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу туралы № 510-1738, 24.08.2023 ж.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Астана қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – құрылыс салушы) мүддесінде қоса беріліп отырған сызбаға және қосымшаға сәйкес (Жылумен жабдықтау желілері) объектісін төсеу және пайдалану үшін Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, шұғыла және Сұлукөл көшесі бойынша,  Н. Тілендиев даңғылы мен ТБ-61 (жобалық атауы) көшесі дейінгі учаске мекенжайда орналасқан жалпы ауданы 3,5096 га жер учаскелеріне 3 (үш) жыл мерзімге шектеулі пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.
  2. Құрылыс салушы осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, меншік иелері мен жер пайдаланушыларға көрсетілген жер учаскелеріне шектеулі пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу және көрсетілген жер учаскелерінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау мерзімдері туралы жазбаша хабарлама жолдасын.
  3. Құрылыс салушы жер учаскесін пайдаланғаны үшін (қауымдық сервитут) он жұмыс күні ішінде «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен ауданы 3,2157 га мемлекет меншігіндегі жерлерге жер учаскелеріне қауымдық сервитут шартын жасасын.
  4. «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.

 

Астана қаласының әкімі                                                         Ж. Қасымбек

 

 Астана қаласы

әкімінің бірінші орынбасары                                                   Н. Нұркенов

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                                      Е. Байкен

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                              Е. Бекмурзаев

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                           Н. Солтамбеков

 

«Астана қаласы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                                    Д. Ешкеев

 

«Астана қаласының Экономика

 және бюджеттік жоспарлау

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                              Қ. Маңқараев

 

«Астана қаласының Қаржы

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                                    А. Жумаев

 

«Астана қаласы әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесі

басшысының орынбасары                                                  Ж. Шәукентаев

  

«Астана қаласы

әкімінің аппараты» мемлекеттік

мекемесі мемлекеттік-

құқықтық бөлімінің басшысы                                                       Т. Мусин

 

 «Астана қаласының

Сәулет, қала құрылысы

және жер қатынастары

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                            А. Жанбыршы

 

Қаулы
Дата публикации
29 августа 2023