Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидалары 24-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия отырысының 2023 жылғы 28 тамыздағы № 5 хаттамасының негізінде:
2) 2023-2027 оқу жылынакүндізгі оқу нысаны бойынша жоғарғыбілімі бар мамандарды «Астана Халықаралық университеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты» жоғары білім беру мекемесі өткізген конкурстың нәтижелері бойынша Астана қаласы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік білім беру грантыиегерлерінің тізімі осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес;
3)2022-2023 оқу жылының емтихан сессиясының қорытындысы бойынша жәнеАстана Медицина университетіжауапкершілігі шектеулі серіктестігі жоғары білім беру мекемесі өткізгенконкурстың нәтижесі бойынша жоғарыоқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған
ЖАО бос білім беру гранттары иегерлерінің тізіміосы өкімге 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін
2. «Астана қаласының Білім басқармасымемлекеттік мекемесінің және осы өкімнің 2-тармағының 1,2, 3-тармақшаларында көрсетілген жоғары білім беру ұйымдарының басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде осы өкімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3Осы өкімнің орындалуын бақылау Астанақаласы әкімінің орынбасары Е.Б. Байкенгежүктелсін.
Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек