Астана қаласының кейбір білім беру ұйымдарына жеке адамдардың есімдерін беру туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес, Республикалық ономастикалық комиссиясының  2023 жылғы ____________ қорытындысының негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Астана қаласының мынадай білім беру ұйымдарына:

1) Астана қаласы әкімдігінің «№ 20 орта мектеп» коммуналдық мемлекететтік мекемесіне Шәкен Аймановтың есімі;

2) Астана қаласы әкімдігінің «№ 27 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Қасым Қайсеновтың есімі;

3) Астана қаласы әкімдгінің «№ 38 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Әлімхан Ермековтың есімі;

4) Астана қаласы әкімдігінің «№ 63 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Шерхан Мұртазаның есімі;

5) Астана қаласы әкімдгінің «№ 64 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Сұлтанбек Қожановтың есімі;

6) Астана қаласы әкімдігінің «№ 94 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Тұрсынбек Кәкішевтің есімін;

7) Астана қаласы әкімдігінің «№ 89 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Дулат Бабатайұлының есімі;

8) Астана қаласы әкімдігінің «№ 44 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Рақымжан Қошқарбаевтың есімі;

9) Астана қаласы әкімдігінің «№ 24 орта мектеп» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Жүсіпбек Аймауытұлының есімі;

10) Астана қаласы әкімдігінің «№ 59 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Кәрім Мыңбаевтың есімі;

11) Астана қаласы әкімдігінің «№ 34 мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Барлыбек Сырттанұлының есімі берілсін.

  1. «Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысымен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Астана қаласының әкімі                                                       Ж. Қасымбек

 

 

Дата публикации
23 августа 2023