Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидалары 24-тармағының 7) тармақшасына және 29тармағына сәйкес, 2023-2027 оқу жылына еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия отырысының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 4 хаттамасының негізінде:
2) 2022-2023 оқу жылының емтихан сессияларының қорытындылары бойынша жәнеАстана Халықаралық университеті, «Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы»жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты» жоғары білім беру мекемесі өткізген конкурстың нәтижелері бойынша жоғары білім алу процесінде босаған
ЖАО бос білім беру гранттары иегерлерінің тізіміосы өкімге 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін
2. «Астана қаласының Білім басқармасымемлекеттік мекемесінің және осы өкімнің 1-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген жоғары білім беру ұйымдарының басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде осы өкімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3Осы өкімнің орындалуын бақылау Астанақаласы әкімінің орынбасары Е.Б. Байкенгежүктелсін.
Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек