Астана қаласы 2023 жылғы 16 тамыз
Төрағалық етті: А. С. Айтхожин – қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының төрағасы.
Қатысқандар:
Астана қаласы мәслихатының депутаттары, қала тұрғындары, қалалық департаменттер, басқарма басшылары, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.
Күн тәртібі:
Баяндаушы: Сәкен Зиябекұлы Есіркеп – «Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ басшысы.
Төрағалық етуші:
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығына сәйкес Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдаулары өткізіледі.
Көпшілік тыңдауларды өткізу туралы ақпарат күні бұрын «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» қалалық басылымдарында және Астана қаласы мәслихатының интернет-ресурсында жариялау арқылы қала жұртшылығына жеткізілді.
Тыңдалғандар:
Сәкен Зиябекұлы Есіркеп – «Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ басшысы депутаттарды Астана қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы материалдармен таныстырды.
Сөз сөйледі:
Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдауларында:
«Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі бөлімінің басшысы Төлебеков Қанат Пернебекұлы;
Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының бас директоры, Астана қаласы Ономастика комиссиясының мүшесі Дакенов Ерлан Ерғазыұлы қатысып сөз сөйледі.
Талқылауға катысқан қалалық мәслихаттың депутаттары «Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ ұсынысын жалпы қолдады.
Көпшілік тыңдаудың қорытындысы бойынша Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТТІ:
«Алматы» ауданы бойынша:
жобалық атауы А30 көшеге – Оралхан Бөкей көшесі;
жобалық атауы А40 көшеге – Сырбай Мәуленов көшесі;
жобалық атауы А564 көшеге – Әмен Қайдаров көшесі;
жобалық атауы № 101 көшеге – Бұйрат көшесі;
жобалық атауы А139 көшеге – Ақтекше көшесі;
жобалық атауы А184 көшеге – Кендірлі көшесі;
жобалық атауы А185 көшеге – Кеңсаз көшесі;
жобалық атауы А187 көшеге – Қарашығанақ көшесі;
жобалық атауы А206 көшеге – Қимасар көшесі;
жобалық атауы А207 көшеге – Қойтас көшесі;
жобалық атауы А208 көшеге – Тасөткел көшесі;
жобалық атауы А344 көшеге – Маймекен көшесі;
«Байқоңыр» ауданы бойынша:
Егемен Қазақстан газеті көшесінің бойында орналасқан атаусыз саябаққа «Журналистер саябағы»;
«Есіл» ауданы бойынша:
жобалық атауы № 28/1 көшеге – Анадолу көшесі;
жобалық атауы № 29/1 көше мен Түркістан көшесінен басталып, Ұлы Дала даңғылында аяқталатын атаусыз көшеге – Нұрлан Балғымбаев көшесі;
«Нұра» ауданы бойынша:
жобалық атауы Е108 көшеге – Шандор Петөфи көшесі;
жобалық атауы Е13 көшеге – Нәзір Төреқұлұлы көшесі;
жобалық атауы Е29 көшеге – Тәттімбет көшесі;
жобалық атауы Е33 көшеге – Қорқыт ата көшесі деп атау беру туралы ұсыныстар қолдансын.
«Алматы», «Байқоңыр» аудандары бойынша:
Әл-Фараби даңғылы – Ақжол даңғылы;
«Алматы» ауданы бойынша:
Нәзір Төреқұлов көшесі – Айбас көшесі;
Гейдар Әлиев көшесі – Мұзафар Әлімбаев көшесі;
«Есіл» ауданы бойынша:
Сәбит Мұқанов көшесі – Шұбартау көшесі деп қайта атау туралы ұсыныстар қолдансын.
Астана қаласы мәслихатының
тұрақты комиссияларының
бірлескен отырысының төрағасы А. Айтхожин