«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2023 жылғы 17 мамырдағы № 113 бұйрығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) жеке жұмыс жоспары – «Б» корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіне НМИ қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын, жоғары тұрған басшымен бекітілген құжат.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін персоналды басқару бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы жүргізіледі. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта немесе мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерде жүргізіледі.
Бағалау бағаланатын адамның санатына байланысты НМИ қол жеткізу нәтижелері, саралау және 360 әдістері нәтижелерінің негізінде жүргізіледі.
Автоматтандырылған бағалау жүйесі енгізілген мемлекеттік органдардың «Б» корпусы қызметшілерін бағалау осы мемлекеттік органдардың ішкі құжаттарында айқындалған ерекшеліктерді ескере отырып жүргізіледі.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Егер бағаланатын қызметшінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі бір айдан кем болған жағдайда, оны бағалау жүргізілмейді. Егер бағаланатын қызметші бағалау жүргізу кезеңінде еңбек немесе әлеуметтік демалыста, еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңінде, іссапарда, тағылымдамада, қайта даярлауда немесе біліктілігін арттыруда болған жағдайда қызметшіні НМИ қол жеткізу бойынша бағалау, саралау және/немесе 360 әдістері бойынша бағалау оның қатысуынсыз Әдістеменің 5-тармағында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
Бұл ретте 2021 жылғы 1 шілдеден 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі жұмыс кезеңінде әлеуметтік демалыста болған, еңбекке уақытша жарамсыздығы кезінде болған «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау осы Әдістеменің 6-тарауында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. НМИ қол жеткізу нәтижелері мен саралау әдісі бойынша бағалау нәтижелері бонустарды төлеу, көтермелеу, оқыту, ротация, мемлекеттік лауазымда жоғарылату, төмендету немесе жұмыстан босату бойынша шешімдер қабылдауға негіз болып табылады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Персоналды басқару қызметі бағаланатын қызметшіні бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстыруды қамтамасыз етеді.
Осы Әдістеменің 6-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген қызметшілерді таныстыру тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатты және/немесе телефонограмманы және/немесе жеделхатты және/немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарды жіберу арқылы не хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.»;
мынадай редакциядағы 6-тараумен толықтырылсын:
«6-тарау. 2021 жылғы 1 шілдеден 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі жұмыс кезеңінде әлеуметтік демалыста, еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде болған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың тәртібі.
1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);
2) өлшемді (НМИ өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);
3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);
4) уақытпен шектеулі (НМИ қол жеткізу мерзімі белгіленеді);
5) мемлекеттік органның стратегиялық мақсатын, «А» корпусы қызметшісінің келісімін жүзеге асыруға бағытталған болуы тиіс.
1-параграф. НМИ жетістігін бағалау тәртібі
НМИ барлығы орындалған жағдайда «Функционалдық міндеттерді тиімді орындайды» баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 4-і орындалған жағдайда «Функционалдық міндеттерді тиісті түрде орындайды» баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 3-і орындалған жағдайда «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық орындайды» баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 3-тен азы орындалған жағдайда «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз орындайды» баға қойылады.
НМИ-дің орындалуы жеке жоспарда қарастырылған барлық көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.
1) бағалаумен келісу;
2) түзетуге жіберу.
2-параграф. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану
1) толтырылған бағалау парақтарын;
2) осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес Комиссия отырысы хаттамасының (бұдан әрі – хаттама) жобасын ұсынады.
1) бағалау нәтижелерін бекіту;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.
1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып, «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қарау бойынша ұсыныс беру;
2) «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.
осы қаулыға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 9, 10 және
11-қосымшалармен толықтырылсын.
Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек
Астана қаласы әкімінің
бірінші орынбасары Н. Нұркенов
Астана қаласы
әкімінің орынбасары Е. Байкен
Астана қаласы
әкімінің орынбасары Е. Бекмырзаев
Астана қаласы
әкімінің орынбасары Н. Солтамбеков
«Астана қаласы
әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Д. Ешкеев
«Астана қаласының
Қаржы басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Ә. Жұмаев
«Астана қаласының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Қ. Маңқараев
«Астана қаласы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі
басшысының орынбасары Ж. Шаукентаев
«Астана қаласы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы Т. Мусин
«Астана қаласы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі
персоналды басқару және
дамыту жөніндегі бірыңғай
қызметінің басшысы Ә. Қожахметова