Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023–2027 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы №107-1221, 19.06.2023 ж.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына және 62-бабының 5-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023–2027 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Әкім                                                                                          Ж. Қасымбек

 

 

Әкімнің бірінші орынбасары                                                   Н. Нұркенов

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                                       Е. Байкен

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                             Е. Бекмырзаев

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                           Н. Солтамбеков

 

«Астана қаласы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                             Д. Ешкеев

 

«Астана қаласының

Қаржы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                         Ә. Жұмаев

 

«Астана қаласының

Экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                     Қ. Маңқараев

 

«Астана қаласы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі

басшысының орынбасары                                                Ж. Шаукентаев

 

«Астана қаласы әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесі

мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы                                                                       Т. Мусин

 

«Астана қаласының

Дене шынықтыру және спорт

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                            С. Жылқыбаев

 

«Астана қаласының

Дін істері жөніндегі басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                      Н. Әлмұханов

 

«Астана қаласының Қоғамдық

         денсаулық сақтау басқармасы»

мемлекеттік мекемесі

басшысының міндетін атқарушы                                           Б. Кайкенов

 

«Астана қаласының

Білім басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                               Қ. Сенғазыев

 

Қаулы
Дата публикации
26 июня 2023