Астана қаласының әкімі, әкімнің бірінші орынбасары, әкімнің орынбасарлары, «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентін бекіту туралы № 1-1114, 12.06. 2023 г.

 «Орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламентін бекіту, «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті мен Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 560 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2023 жылғы 15 наурыздағы № 214 қаулысына сәйкес  Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Астана қаласының әкімі, әкімнің бірінші орынбасары, әкімнің орынбасарлары, «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламенті бекітілсін.
  2. «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің өтініштерін қарау бөлімінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Астана қаласының әкімі                         

  

                

         Ж. Қасымбек

 

Қаулы
Дата публикации
16 июня 2023