Астана қаласының кейбір білім беру ұйымдарына жеке адамдардың есімін беру туралы N511-1116, 12.06.2023ж.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының5-бабына сәйкесҚазақстан Республикасы               Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясының                                       2022 жылғы 22 қыркүйектегі қорытындысының негізінде Астана қаласының                  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ 

1. Астана қаласының мынадай білім беру ұйымдарына:

​​  1) Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Талғат Бигелдиновтің есімі

​​  2) Астана қаласы әкімдігінің «№ 70 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына            Темірбек Жүргеновтің есімі

​​  3) Астана қаласы әкімдігінің «№ 92 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына                Ақжан Әл-Машанидің есімі

         4) Астана қаласы әкімдігінің «№ 65 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мағжан Жұмабаевтың есімі

5) Астана қаласы әкімдігінің «№ 88 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қадыр Мырза Әлінің есімі

6) Астанақаласы әкімдігінің «№ 1 өнер мектебі» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнына Тәттімбеттің есімі берілсін

2«Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

 

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Б. Байкенге жүктелсін

 

 

Астана қаласының әкімі                                                     Ж. Қасымбек

 

Қаулы
Дата публикации
13 июня 2023