«Нұр-Сұлтан қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 110/15-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 110/15-VII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25677 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Астана қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы»;

көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:»;

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Астана қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;

көрсетілген шешімге қосымшада оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

«Астана қаласы

мәслихатының

2021 жылғы 24 қарашадағы

№ 110/15-VII шешіміне

қосымша»;

 

көрсетілген шешімге қосымшада 3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Құрмет грамотасымен қоғам мен Астана қаласы алдындағы қызметтік және азаматтық борышын лайықты орындағаны үшін Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар марапатталады.»;

көрсетілген шешімге қосымшада:

бүкіл мәтін бойынша «Нұр-Сұлтан» деген сөз «Астана» деген сөзбен ауыстырылсын.

  1. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Астана қаласы

мәслихатының төрағасы                                                        Е. Каналимов

 

 

Проект решение каз
Дата публикации
29 мая 2023