2023 жылға арналған Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 7-1) тармақшасына, 62-бабының 6-тармағына сәйкес Астана қаласының    әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Мыналардың:

1) «Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің    2021 жылғы 23 сәуірдегі № 107-1402 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1321 болып тіркелген);

2) «Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің    2021 жылғы 23 сәуірдегі № 107-1402 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 107-3855 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31315 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

  1. 3. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы оның ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Астана қаласының әкімі                                                        Ж. Қасымбек

 

 

Астана қаласы әкімінің

бірінші орынбасары                                                                  Н. Нұркенов

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                                      Е. Байкен

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                             Е. Бекмырзаев

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                           Н. Солтамбеков

 

«Астана қаласы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                             Д. Ешкеев

 

«Астана қаласының

Қаржы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                           Ә. Жұмаев

 

«Астана қаласының

Экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                      Қ. Маңқараев

 

«Астана қаласы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі

басшысының орынбасары                                                  Ж. Шаукентаев

 

«Астана қаласы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі

мемлекеттік-құқықтық бөлімі

басшысының міндетін атқарушы                                      Н. Қалшибеков

 

«Астана қаласының

Білім басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                       Қ. Сенғазыев

 

Приложение к постановлению
Дата публикации
26 мая 2023