Конкурс ұйымдастырушы: «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылғы 10 мамыр 8:30-дан 24 мамыр 18:00-ге дейін.
«Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2023-2027 оқу жылдарына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсын өткізу туралы хабарлайды.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан – әрі – ЖЖОКБҰ) мынадай құжаттарды:
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленеді, ЖЖОКБҰ-ның бірінші басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен электрондық форматта ұсынылады.
Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағаттан және күннен кешіктірілмей ЖАО-ға жіберіледі. Конкурстық өтінімді беру мерзімі өткен соң түскен конкурстық өтінім кешіктірілу себептеріне қарамастан қаралмайды. Оларды беру мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімге қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Конкурсқа қатысу құжаттары электрондық форматта bilim@astana.kz электрондық поштаға 2023 жылғы 10 мамырдан 8:30 –дан бастап 24 мамыр 18:00 ге дейін ұсынылады, тел.: +7 701 368 42 24, +7 717 556875.