«Астана қаласы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 04-584 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 37-бабының
1-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы
46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Астана қаласының
әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Астана қаласы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 04-584 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1174 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  2. «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

 

 

Әкім                                                                                               Ж. Қасымбек

 

 

Әкімнің бірінші орынбасары                                             Н. Нұркенов

 

Әкімнің орынбасары                                                               Е. Байкен

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                      Е. Бекмырзаев

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                      Н. Солтамбеков

 

«Астана қаласы

әкімінің аппараты» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                                Д. Ешкеев

 

«Астана қаласының

Қаржы басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                                Ә. Жұмаев

 

«Астана қаласының

Экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                          Қ. Маңқараев

 

«Астана қаласы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі

басшысының орынбасары                                              Ж. Шаукентаев

 

«Астана қаласы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі

мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы                                                                     Т. Мусин

 

«Астана қаласы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі

персоналды басқару және

дамыту жөніндегі бірыңғай

қызметінің басшысы                                                       Ә. Қожахметова

«Астана қаласы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 04-584 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Дата публикации
20 апреля 2023