«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы
1-тармағының 4-3) тармақшасына, 7-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің «Елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 23 ақпандағы № 62 бұйрығына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1) Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 537/73-VI «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 89484 болып тіркелген) шешімінің;
2) Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы
№ 160/23-VII «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 537/73-VI «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27496 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Лауазымы Тегі