«Шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қолданылу кезеңіне Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландырудың көлемі мен мөлшерін айқындау туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 107-4464 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     1. «Шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қолданылу кезеңіне Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландырудың көлемі мен мөлшерін айқындау туралы»   Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 107-4464 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26533 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

  1. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

         1) осы қаулының Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

          2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        

 

Астана қаласының әкімі                                                     Ж. Қасымбек

 

 

Астана қаласы

әкімінің бірінші орынбасары                                              Н. Нұркенов

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                                 Е. Байкен

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                         Е. Бекмырзаев

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                       Н. Солтамбеков

 

«Астана қаласының

Қаржы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                       Ә. Жұмаев

 

«Астана қаласының

Экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                 Қ. Маңқараев

 

 «Астана қаласы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі

басшысының орынбасары                                           Ж. Шаукентаев

 

«Астана қаласы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы                                                                      Т. Мусин

 

«Астана қаласының

Білім басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                   Қ. Сенғазыев

Дата публикации
11 апреля 2023