Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының аумағында коммуналдық ақылы автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану қағидаларында:
3-тармақтың 12) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«12) халықтың арнайы топтары – уәкілетті орган айқындаған, коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орындарда (паркингтерде) көлік құралын тегін қоюға құқығы бар адамдар тобы, «Алтын Қыран» және «Халық Қаһарманы» ордендерімен наградталған адамдар, мүгедектігі бар балалар мен
I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, майдандағы әскер құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілер, ұрыс қимылдарының ардагерлері, «Алтын алқамен» және «Күміс алқамен» наградталған және бұрын «Батыр ана», сондай-ақ I, II және III дәрежелі «Ана даңқы» ордендерін алған көп балалы аналар, Семей сынақ ядролық полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен адамдар, әскери қызметтен шығарылған немесе әскери жиындарға шақырылған, Ауғанстан Демократиялық Республикасында (бұдан әрі – Ауғанстан), ұрыс қимылдары болған басқа да елдерде интернационалдық борышын орындаған азаматтар.»;
11-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) мүгедектігі бар адамдардың көлік құралдарын қоюға арналған, тиісті жол белгілерімен немесе таңбаларымен белгіленген орындарда көлік құралдарын тікелей жүргізетін не олардың ішінде отырған мүгедектігі бар балалар мен I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға тіркелген көлік құралдары (оның ішінде мүгедектердің арнайы көлік құралдары), сондай-ақ мүгедектігі бар баланың заңды өкілдеріне тіркелген көлік құралдары»;
11-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«4) көлік құралдарын тікелей жүргізетін не олардың ішінде отырған Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы әскери және флот құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілерге, сондай-ақ басқа мемлекеттердің және Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген тұлғалардың аумағында ұрыс қимылдарының ардагерлеріне тіркелген көлік құралдары;»;
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«13. Коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орынға (паркингке) қойғаны үшін ақы төлеу тәртібін уәкілетті орган жүзеге асырады. Төлем ағымдағы күннің 23 сағат 59-минутқа дейін жасалуы керек. Төлеу мынадай тәсілдердің бірімен:
1) банк карталарымен немесе қолма-қол ақша қаражатымен коммуналдық ақылы автомобиль қоятын орынның (паркингтің) жанында орналасқан паркомат арқылы;
2) көлік құралы жүргізушісінің виртуалдық орынтұрақ шотынан немесе банк картасынан ақша қаражаты алына отырып, интернет-портал немесе мобильдік қосымша арқылы;
3) SМS-хабарлама жолдау арқылы жүргізіледі;
16-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) растайтын рұқсатты ұсынбау не қолданылу мерзімі өтіп кеткен рұқсатпен немесе оның иесі осы көлік құралының иесі болып табылмаған кезде мүгедектігі бар адамдар көлік құралдарының тоқтап тұруына немесе аялдауына арналған жерлерде көлік құралдарын тоқтатып тұру немесе аялдау;».
1) осы қаулының Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек