«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 28, 31-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2023 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» 2023 жылғы 2 ақпандағы № 120 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары 34-тармағының 4-тармақшасына және 34-1-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мыналар:
- Астана қаласы әскерге шақыру комиссиясының жеке құрамы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес;
- Астана қаласы әскерге шақыру комиссиясының резервтік құрамы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес;
- Астана қаласы «Алматы» ауданының әскерге шақыру комиссиясының жеке құрамы мен жұмыс режимі осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес;
- Астана қаласы «Алматы» ауданының әскерге шақыру комиссиясының резервтік құрамы осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес;
- Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының әскерге шақыру комиссиясының жеке құрамы мен жұмыс режимі осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес;
- Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының әскерге шақыру комиссиясының резервтік құрамы осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес;
- Астана қаласы «Есіл» ауданының әскерге шақыру комиссиясының жеке құрамы мен жұмыс режимі осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес;
- Астана қаласы «Есіл» ауданының әскерге шақыру комиссиясының резервтік құрамы осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес;
- Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әскерге шақыру комиссиясының жеке құрамы мен жұмыс режимі осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес;
- Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әскерге шақыру комиссиясының резервтік құрамы осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес;
- Астана қаласы бойынша азаматтарды әскерге шақыруды өткізу кезіндегі әскерге шақыру комиссиясының жұмыс кестесі осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- «Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге сәйкес азаматтарды медициналық куәландыру бойынша ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
2) әскерге шақыруға жататын азаматтарды рентгенологиялық тексеру үшін қалалық жинау пунктін 2023 жылғы 1 наурыздан 31 шілдеге дейінгі және 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде жылжымалы флюроқондырғымен қамтамасыз етсін.
- «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде әскерге шақыруды өткізу кезінде көмек көрсету үшін Астана қаласы «Алматы», «Байқоңыр», «Есіл» және «Сарыарқа» аудандарының қорғаныс істері жөніндегі басқармаларына техникалық жұмыскерлерді жіберу қажеттігін ескерсін.
- «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Көлік басқармасы) өз құзыреті шегінде әскерге шақырылушыларды жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Қорғаныс істері жөніндегі департамент) тапсырысына сәйкес көлік бөлуді қамтамасыз етсін.
- «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) өз құзыреті шегінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді қамтамасыз ету бойынша қажетті ұйымдастыру шараларын қабылдасын.
- «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің «Астана» станциясындағы Полиция желілік басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) өз құзыреті шегінде әскерге шақырылушыларды әскери қызмет өткеру орнына жіберу (кету) кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қажетті ұйымдастыру шараларын қабылдасын.
- Астана қаласы әкімдігінің «Азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде:
1) әскерге шақыру пунктінде әскери командаларды әскерге шақырылушылармен жасақтау кезінде әскерге шақырылушыларды (резервті есепке ала отырып) үш реттік ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
2) әскерге шақыру комиссияларын қажетті ұйымдастыру техникасымен, кеңсе тауарларымен, бланкілік өніммен, сондай-ақ медициналық комиссияларды медикаменттермен, құрал-жабдықтармен, медициналық және шаруашылық мүліктермен қамтамасыз етсін;
3) Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің тапсырысына сәйкес Көлік басқармасы көлік бөлу шығынын қаржыландыруды, сондай-ақ көрнекі үгіт-насихатты қаржыландыруды қамтамасыз етсін;
4) осы мақсаттарға Астана қаласының бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде жалпыға бірдей әскери міндетті орындауды қамтамасыз етуге байланысты іс-шараларды қаржыландыруды жүзеге асырсын.
- «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдары қатарына шақырылған әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салуды өткізу бойынша іс-шараларды ұйымдастырсын.
- «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде:
1) әскерге шақыру науқанын бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жариялау бойынша ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
2) Астана қаласы «Алматы», «Байқоңыр», «Есіл» және «Сарыарқа» аудандарының аумақтарында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы көрнекі үгіт-насихатты дайындасын және оларды таратуды қамтамасыз етсін.
- Астана қаласы әкімінің орынбасары – қалалық әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Е.Б. Байкен әскерге шақыру басталар алдында мүдделі мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын, Астана қаласы «Алматы», «Байқоңыр», «Есіл» және «Сарыарқа» аудандарының әкімдерін, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесін (келісім бойынша) тартумен олардың әскерге шақыруды өткізуге дайындығы және кезекті шақыруға тапсырмалар қою туралы есептерін тыңдаумен мәжіліс өткізсін.
- Астана қаласы «Алматы», «Байқоңыр», «Есіл» және «Сарыарқа» аудандарының әкімдері осы қаулыға сәйкес барлық іс-шараларды орындауды қамтамасыз етсін.
- Астана қаласы әкімінің орынбасары – қалалық әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Е.Б. Байкен Астана қаласының әкімдігін 2023 жылғы 15 шілдеде және 2024 жылғы 15 қаңтарда осы қаулының орындалуы туралы ақпараттандырсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары Е.Б. Байкенге жүктелсін.
- Осы қаулы оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек
Астана қаласы әкімінің
орынбасары Е. Байкен
«Астана қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік
мекемесі басшысының орынбасары Ж. Шаукентаев
«Астана қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік
мекемесі мемлекеттік-
құқықтық бөлімінің басшысы Т. Мусин
«Астана қаласының Қоғамдық
денсаулық сақтау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Т. Мұратов
«Астана қаласының Жұмыспен
қамту және әлеуметтік қорғау
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы И. Скуб
«Астана қаласының Көлік және
жол-көлік инфрақұрылымын
дамыту басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Ж. Сапарбаев
«Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігі Астана
қаласының Полиция департаменті»
мемлекеттік мекемесінің бастығы М. Төлебаев
«Астана қаласының
Дене шынықтыру және спорт
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы С. Жылқыбаев
«Астана қаласының
Дін істері басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Н. Әлмұханов
«Астана қаласының Ішкі саясат
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Д. Бабамұратов
Астана қаласы әкімдігінің
«Азаматтық қорғанысты
қамтамасыз ету орталығы»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысы К. Әлхожаев