"Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 бұйрығына сәйкес,
Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Астана қаласы
мәслихаты хатшысы АЖТ
Астана қаласы мәслихатының
2023 жылғы «___» ______
№ __________ шешімі жобасына қосымша
Астана қаласында жерлеу және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастыру қағидалары туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
Зират қорымдарын күтіп-ұстауға және пайдалануға, қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеуді және қайта жерлеуді ұйымдастыруға, сондай-ақ жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар «Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-81 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24066 болып тіркелген) бекітілген «Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында айқындалады.
1) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (бұдан әрі – тіркеуші орган) – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;
2) жерлеу – санитариялық, табиғатты қорғау, қала құрылысы және өзге де қағидалар мен нормаларға қайшы келмейтін, марқұмның тілегіне, діни сеніміне, әдет-ғұрпына және дәстүрлеріне сәйкес қайтыс болған адамның денесін (сүйегін) жерге (қабірге, лақатқа) жерлеу немесе күлі бар урнаны қабірге, сағанаға жерлеумен отқа жағу (кремациялау) жөніндегі салт-жора әрекеттері;
3) зират (қабір) – қайтыс болған адамды немесе оның сүйегін жерлеу орны;
4) зират қорымы – қайтыс болған адамдарды немесе олардың қалдықтарын жерлеу үшін арнайы бөлінген аумақ;
5) зират қорымының әкімшілігі – зират қорымын ұстау және пайдалану жөніндегі ұйымдастырушылық-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
2-тарау. Жерлеу үшін орын бөлу тәртібі
Зират қорымының аумағы қабірлерге арналған қатарларға бөлінетін және автомобиль көлігіне арналған өтпе жолдармен және зират учаскелеріне өтетін жолдармен жайластырылатын учаскелерден тұрады.
3-тарау. Зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алу және тіркеу тәртібі
Астана қаласында аудандар әкімдерінің аппараттары зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алу журналдарының негізінде есепке алуды және тіркеуді жүргізеді.
Әкімдік жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында зират қорымының бос емес және бос учаскелері бойынша өзекті ақпаратты орналастырады.
4-тарау. Қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеу тәртібі
1) жерлеу жылы, айы, күні;
2) зираттың (қабірдің) нөмірі;
3) қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
4) туған және қайтыс болған күні;
5) өлімнің себебі;
6) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы куәліктің немесе хабарламаның нөмірі, күні және кімнің бергені;
7) марқұмның жақын туыстарының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні мен нөмірі, мекенжайы, туыстары болмаған жағдайда, жерлеуді жүргізген адамның мекенжайы не жерлеуді жүргізген ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы.
1) зират қорымын немесе оның учаскесін мерзімінен бұрын жою;
2) сүйектерді Қазақстан Республикасының басқа жерлеріне немесе одан тыс жерлерге қайта жерлеу үшін жекелеген зираттардан тасымалдау кезіндегі жағдайларды қоспағанда, сүйектерді жұмыс істеп тұрған және жабық зират қорымдарында қайта жерлеуге рұқсат етілмейді.
5-тарау. Зираттарды жобалау және салу
6-тарау. Жерлеу орындарын абаттандыруды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстау
1) табиғи тастан немесе бетоннан жасалған қабір үсті ескерткіштер мен құрылыстар, гүлзарлар мен орындықтар орнатуға;
2) қабір басында гүл, кейіннен қырқылып отырылатын сәндік бұтадан қоршау отырғызуға жол беріледі.
7-тарау. Зират қорымдарын күтіп-ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу және оның талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі
1) азаматтарға жерлеу қызметтерін көрсету тәртібі туралы, оның ішінде зират қорымы аумағындағы стендтерде ақпарат орналастыра отырып, толық ақпарат беруді;
2) қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеу үшін зираттарды уақтылы дайындауды;
3) жерлеу үшін әрбір жер учаскесін бөліп берудің белгіленген нормасын және зираттарды дайындау қағидаларын сақтауды;
4) ғимараттарды, инженерлік жабдықтарды, зират қорымының аумағын, қоршауды, жарықтандыруды жарамды күйде ұстауды;
5) жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарды және шаруашылық мақсаттағы басқа да учаскелерді жүйелі түрде жинауды, сумен жабдықтау желілеріне қызмет көрсетуді, зираттың бүкіл аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстауды, жолдарды ағымдағы жөндеуді және қоқысты уақтылы шығаруды қоса алғанда, зираттарды күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын бақылауды;
6) азаматтарға жерлеу орнын күтіп-бағу үшін мүкәммалды жалға беруді;
7) жерлеу қызметтерінің өзге де субъектілеріне тең қолжетімділікті ұсынуды қамтамасыз етеді.