Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі 37-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шiлдедегі № 257 бұйрығымен бекітілген Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін, оның ішінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері белгіленетін индикаторлардың ең аз тізбесін әзірлеу қағидаларының 9-тармағына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
- Астана қаласы қоршаған орта сапасының 2023-2027 жылдарға арналған нысаналы көрсеткіштері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- «Нұр-Сұлтан қаласы қоршаған орта сапасының 2019-2022 жылдарға арналған нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 460/58-VI шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1255 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.