Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 476/60-VI «Нұр-Сұлтан қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

     «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 1017 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы
    № 476/60-VI «Нұр-Сұлтан қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1256 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

     көрсетілген шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын:

     «Астана қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы»;

     көрсетілген шешімнің кіріспе сөзі жаңа редакцияда жазылсын:

     «Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі 365-бабы 3-тармағы 3) тармақшасын, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

     көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

     «Астана қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көму тарифтері осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;

     көрсетілген шешімге қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Шешім
Дата публикации
23 февраля 2023