«Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 1017 Жарлығын, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы кодексі 576-бабы
8-тармағын, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын:
«Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы»;
көрсетілген шешімнің кіріспе сөзі жаңа редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы кодексі 576-бабы 8-тармағын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы ставкалары осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген шешімге қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |