Жер учаскелерiн шектеулі пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу туралы №510-298 от 14.02.2023 ж.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі  69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «KazTransCom» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – құрылыс салушы) мүддесінде қоса беріліп отырған сызбаға және қосымшаға сәйкес «Техника-Рем Строй» бизнес орталығына телефон кәрізін жүргізу және пайдалану үшін Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Қазанат көшесі, № 1/1 мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 0,0088 га жер учаскелеріне 3 (үш) жыл мерзімге шектеулі пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.
  2. Құрылыс салушы:

осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, меншік иелері мен жер пайдаланушыларға көрсетілген жер учаскелеріне шектеулі пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу және көрсетілген жер учаскелерінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау мерзімдері туралы жазбаша хабарлама жолдасын.

жер учаскесін пайдаланғаны үшін (қауымдық сервитут) он жұмыс күні ішінде «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен ауданы 0,0088 га мемлекет меншігіндегі жерлерге жер учаскелеріне қауымдық сервитут шартын жасасын.

  1. «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

 

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Н.Қ. Солтамбековке жүктелсін.

 

 

Астана қаласының әкімі                                                         Ж. Қасымбек

 

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                           Н. Солтамбеков

 

«Астана қаласы

әкімінің аппараты» мемлекеттік

мекемесі мемлекеттік-

құқықтық бөлімінің басшысы                                                      Т. Мусин

 

«Астана қаласының Сәулет,

қала құрылысы және жер

қатынастары басқармасы»

мемлекеттік мекемесі

басшысының міндетін атқарушы                                         Н. Серікбаев

 

Қаулы
Дата публикации
22 февраля 2023