Мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскесін алып қою туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі  69, 84-баптарының 4-тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы  1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 62-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 15 шілдедегі № 7194-22-00-4/1401 шешіміне сәйкес, Астана қаласының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «2-АЖЭО-Өнеркәсіптік аймақ-қалалық» 110 кВ қос тізбекті әуе желісін жүргізу және пайдалану үшін «Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» акционерлік қоғамының мүддесіне шектеулі пайдаланудың белгіленген құқығына сәйкес, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Литейная көшесі мекенжайында орналасқан, Ренат Убайдуллаұлы Майденовке жеке меншік құқығында тиесілі, ауданы 0,0680 га, кадастрлық нөмірі 21-318-062-1015 жер учаскесі 2023 жылғы 3 сәуірден бастап 2024 жылғы 3 сәуірге дейін мемлекет мұқтажы үшін, оның ішінде сатып алу жолымен алып қойылсын.
  2. «Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін үш күнтізбелік күннен кешіктірмей меншік иесіне мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелсі және басқа жылжымайтын мүлік алдағы уақытта алып қойылатындығы туралы жазбаша хабарлама жолдасын және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын басқа да іс-қимылдарды орындасын.
  3. Қаржыландыру және осы қаулының орындалуына жауапкершілік Басқармаға жүктелсін.
  4. Меншік иесі алдағы уақытта жүргізілетін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама алған сәттен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде Астана қаласының әкімдігіне тиісті өтініш беру жолымен келісім рәсімдеріне бастама жасауға құқылы.
  5. «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Н.Қ. Солтамбековке жүктелсін.

 

 

Астана қаласының әкімі                                                         Ж. Қасымбек

 

Астана қаласы

әкімінің орынбасары                                                           Н. Солтамбеков

 

«Астана қаласы әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесі

мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы                                                                           Т. Мусин

 

«Астана қаласының

Тұрғын үй және тұрғын үй

инспекциясы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                             А. Саипов

 

«Астана қаласының

Отын-энергетикалық кешені

және коммуналдық шаруашылық

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы                                                                    М. Узаков

 

«Астана қаласының

Сәулет, қала құрылысы және

жер қатынастары басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                    А. Жанбыршы

Мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскесін алып қою туралы
Дата публикации
21 декабря 2022